СІМ Қазақстанның Украинадағы елшілігінің жұмысы тиісті деңгейде қамтамасыз етілетінін мәлімдеді

Главные вкладки

окт 12, 2022 / 0 комментарии

Мәжіліс кулуарында Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко Украинадағы Қазақстан елшілігінің жұмысы қалай ұйымдастырылады деген БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

Василенконың сөзінше, бұған дейін Украинадағы Қазақстан азаматтарына сақтық танытуға қатысты кеңес берілгенін атап өтті.

"Елшіліктің жұмысы тиісті деңгейде қамтамасыз етіледі, азаматтарымыздың мүддесін қорғау да қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ шетелдік мекемелердің дипломаттары болып табылатын азаматтарымыздың да қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Елшілік ғимаратына зақым келген жоқ", – дейді ол.

Бұл ретте Роман Василенко Сыртқы істер министрлігі бірінші кезекте Қазақстан азаматтарының оның ішінде Қазақстанның Украинадағы елшілігінің дипломаттары болып табылатын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беретінін баса айтты.

Еске салайық, бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинадағы Қазақстан елшілігін Киевтен эвакуациялау мәселесі шешіліп жатқанын хабарлаған болатын.

Одан бөлек Қазақстанның Украинадағы елшілігі Қазақстан азаматтарына Украинаға барудан бас тартып, ал сол жақтағы қазақстандықтардан мүмкіндігінше ел аумағынан кетуді сұрап, үндеу жасаған еді. Айта кетейік, осы аптаның басында Украина астанасы Киевте бірнеше жаралыс болды.