Талдықорған зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады

Главные вкладки

июн 30, 2021 / 0 комментарии

Талдықорған полициясы арматура зауытында белгісіз снарядтың жарылуына байланысты қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұл факт сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде ресми тіркелді. 

"Тергеу Қылмыстық кодекстің 156-бабы 2-бөлігі "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу" дерегі бойынша басталды. Тергеу барысы қатаң бақылауға алынды", - деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Іс бойынша күдікті ретінде кім танылғанын полиция нақтыламады. Алайда, олар қылмыскерді үлкен көлемде айыппұл, түзеу / қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке қамауға алу жазасы күтетінін баса айтты.

Естеріңізге сала кетейік, жексенбіде Талдықорғандағы арматура зауытында жарылыс салдарынан үш адам зардап шеккен еді. Олардың біреуі амбулаториялық емделуге шығарылды, қалған екеуі ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің біріне шұғыл операция қажет болды.