Ташкент әлемдегі арзан қалалар бестігіне кірді

Главные вкладки

июн 14, 2020 / 0 комментарии

Халықаралық Mercer консалтинг компаниясының Cost of Living Survey зерттеуі бойынша, Ашғабад әлемдегі ең қымбат екінші қала атанды, деп хабарлайды Kaskelenkz centralasian.org-ке сілтеме жасап..

 9 маусымда жарияланған есепте Өзбекстан астанасы әлемдегі ең арзан бес қаланың бірі екені айтылған. Бұл тізімге Ташкенттен бөлек Карачи, Бішкек, Виндхук (Намибия) және Тунис қалалары кірген.

Әлемдегі ең қымбат қала - Гонконг. Екінші орында Ашғабад тұр. Түркіменстан астанасы Токио, Цюрих, Сингапур және Нью-Йорктен де қымбат деп аталды.

Сауалнама ірі қалалаларда жұмыс істейтін шетел мамандары арасында жүргізілген. Зерттеуде валюта бағамы, тауар мен қызмет құны, инфляция деңгейі және пәтерді жалға алу ақысы ескерілген.