Теміртауда қираған ғимарат шатырында TikTok түсірген қыздар тұрғындардың зәресін ұшырды
Главные вкладки
Теміртау тұрғындары қираған ғимараттың шатырында TikTok түсірген жасөспірім қыздарды видеоға түсіріп алған. Олар қыздар құлап кете ме деп қорыққан екен. Бұл жайтқа қатысты Қарағанды облыстық полиция департаменті пікір білдірді
Видеоны әлеуметтік желіде жариялаған куәгерлер қыздардың ата-анасын іздеген. Ролик авторы мұндай биіктікте жүру қауіпті екенін айтады. Бұл кадрлар тұрғындар арасында дау тудырды. Көпшілік балалар мұндай нысандарға бармас үшін оны күзету керек деп есептйді.
"Бір ыңғайсыз қимыл жасаса болды. Балалар ғой. Мұндай нысандарды күзетіп, мұндай әрекеттерге тыйым салу керек", "Жастар мен балалар үшін секциялар, үйірмелер көп ашу керек. Әсіресе, жаз мезгілінде. Сонда олар шатырға көп көтерілмейді. Бірақ хайп үшін ешкімді тоқтата алмайсың. Ата-аналар балаларымен жұмыс істеуі керек" , - деп жазды олар.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған видеоның тексерілгенін алға тартты. Ведомство ақпараттың назарға алынғанын мәлімдеді.
"Теміртау қалалық полиция қызметкерлері аталған қыздардың тұлғасын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нәтижесін қосымша хабарлаймыз. Қала тұрғындарына құқықбұзушылыққа қарсы белсенді ұстанымы үшін алғыс білдіреміз", - дейді ведомстводан.