Тоқаев көлік жүргізушілерін қуантатын жаңалықты жеткізді

Главные вкладки

апр 22, 2021 / 0 комментарии

Қазақстанда көлік жүргізушілеріне автобусқа арналған жолақпен жүруге рұқсат берілуі ықтимал деп хабарлайды Ақорда. 

"Қала ішінде автомобиль ағынын сауатты ұйымдастыру маңызды мәселенің бірі саналады. Осыған байланысты үкімет пен әкімдерге автобустарға арналған жолақтарды қарбалас болмаған кезде және демалыс күндері пайдалану мәселесін шешуді тапсырамын. Мұндай тәжірибе Мәскеу, Стамбул мен Парижде кеңінен қолданылады", - деді президент. 

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев қалаларда көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтарын құру қажеттігін жеткізді. 

"Орталықтар осы саладағы құзіретті органдардың жұмысын үйлестіреді. Бұдан бөлек, халықтың арыз-шағымы мен ұсынысын қарайды. Мысалы, жол белгілерін орнату, істемей тұрған бағдаршамдар мәселесі және тағысын тағы", - деді мемлекет басшысы. 

Үкімет бұл мәселені де әкімдермен пысықтап, әрбір аймақта көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтарын құруға тиіс. 

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Онлайн форматта өткен кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Қазақстанның экономикасын дамытуда Атырау облысының орны ерекше екенін, мемлекетіміздің алғашқы ірі инвестициялық жобалары осында жүзеге асырылғанын, ол жобалар еліміздің экономикалық және энергетикалық қауіпсіздігі үшін берік негіз қалағанын айтты. Мұнайлы өңірдің тыныс-тіршілігін, тұрғындардың әл-ауқатын әрдайым жіті назарда ұстайтынын атап өтті.