Тоқаев Шөмішбай Сариевтің отбасына көңіл айтты

Главные вкладки

Feb 15, 2021 / 0 комментарии

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты деп хабарлайды Kaskelen.kz президенттің ресми сайты Ақордаға сілтеме жасап.Президент аса көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады."Шөмішбай Нағашыбайұлы қазақ поэзиясының көшін алға бастаған қаламгердің бірі болды. Өрелі өлеңдері мен поэмалары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. Ұзақ жылғы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, халқымыздың рухани байлығын дамытуға мол үлес қосты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – делінген жеделхатта.Айта кетейік, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та ақынның туыстарына көңіл айтқан еді.

Еске сала кетсек, танымал ақын 75 жасқа қараған шағында дүниеден озды.Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында дүниеге келген еді.