Түркістанда пара алды деген күдікпен шенеунік қамауға алынды
Главные вкладки
Түркістанда тағы бір шенеунік пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Инфрақұрылым және коммуникация бөлімі басшысының орынбасары жергілікті кәсіпкерлердің бірін бопсалады деп айыпталуда.
Облыстық мамандандырылған тергеу соты судьясының айтуынша, шенеунік 1 млн 100 мың теңгені алу кезінде ұсталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сотқа дейінгі тергеу қызметі Нұрлан Жаманкөзге қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы сотқа өтініш түсірген. Қазір 50 жастағы шенеунікке қатысты іс бойынша тергеу жүріп жатыр, делінеді Астана телеарнасының мәліметінде.
Әбдуәлі ҚОСМҰРАТОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ТЕРГЕУ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Екі ай мерзімге санкция берілді. Қылмыстық кодекстің 366-шы бабының 3-ші бөлігінің бірінші тармағымен күдік келтіріліп отыр. Мамандандырылған соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ, аппеляциялық шағым келтіріп отыр. Уақытша ұстау изоляторында ұстауда.