Украина мен Ресей арасында келіссөз жүріп жатыр
Главные вкладки
Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер бейнебайланыс форматында өтуде деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Украина мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздер бейнебайланыс арқылы үздіксіз жалғасуда, деп хабарлады Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михайло Подоляк. Бұл туралы сенбіде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та айтты.
"Ресей делегациясымен келіссөздер үздіксіз бейнебайланыс форматында жалғасуда. Арнайы жұмыс топтары құрылды. Украина бұрынғы ұстанымдарынан бастартқан жоқ ", - деп жазды Подоляк Twitter парақшасында.