Усманова Дариға Талғатқызымен «Тәуелсіздік тарландары» атты кездесу өтті

Главные вкладки

июн 11, 2021 / 0 комментарии

Ел тарихы, оның болашағы мен жетістіктері – бұл ең алдымен оның азаматтары мен көрнекті қайраткерлерінің еңбегі. Олар – ұлттық мәдениетті қалыптастырған, экономиканы, өнеркәсіпті және ғылымды көтерген халықтың мақтанышы. Олардың күш-жігерінің арқасында елдің мемлекеттілігі мен тәуелсіздігі қалыптасты. Бұл есімдер мен жетістіктерді әрбір қазақстандық білуге тиіс.
Осыған байланысты, Қарасай ауданы ПБ қызметкерлері  және Қарасай ауданы жастары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде тәуелсіз елдің негізін қалаған және оның дамуына ерекше үлес қосқан көрнекті тұлға Усманова Дариға Талғатқызымен «Тәуелсіздік тарландары» атты кездесу өткізді.
Кездесу барысында, Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктері - әр түрлі саладағы кәсіби мамандар мен көшбасшыларының еңбегі сияқты тақырыбтар қозғалды.
Ел тарихы, оның болашағы мен жетістіктері – ең алдымен оның азаматтарының жетістіктері. Азаматтардың Қазақстанның дамуына қосқан жеке үлесін көрсету, әркімнің ел тағдыры үшін жауапкершілігін сезінуіне, әрқайсымыздың Отанымызбен ажырамас байланысына ықпал етуі қажет.