Футзалдан Қазақстан құрамасы Португалиядан ұтылып қалды
Главные вкладки
Футзалдан Қазақстан құрамасы Португалиядан ұтылып, Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды zakon.kz Аладопқа сілтеме жасап.
Жартылай финалдық кездесу Каунаста өтті және ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта командалар тағы бір-бір голдан соқты.
Португалия сапында Анилтон Сезар Пани (23) мен Бруно Коэльо (49) гол соқты. Қазақстан құрамында Дәурен Нұрғожин (40) мен Дуглас (42) дәл соққыларымен ерекшеленді.
Пенальти сериясында сәттілік португалиялықтардың жағында болды (4:3). Дуглас пен Арнольд Кнауб өзінің мүмкіндіктерін пайдалана алмады.
Осылайша, Португалия финалда Аргентинамен ойнайды, ал Қазақстан үшінші орын үшін матчта Бразилиямен кездеседі. Бұл ойындар 3 қазанда өтеді.