Хан Кененің бас сүйегі елге қайтарылды

Главные вкладки

апр 07, 2021 / 0 комментарии

Қазақтың соңғы ханы, Ресей патшалығының отарлау саясатына қарсы болып, он жыл бойы қалың қазақтың көтерілісіне басшы болған Кенесарының бас сүйегі Ресейден Қазақстанға қайтарылатын болды.

Бұндай жаңалықты ҚР ҰҒА Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З.Қабылдинов жариялады.

Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісті әбден басып жаншыған соң, Ресей патшалығы 1847 жылы Хан Кенені арнайы тапсырыспен өлтіртіп, оның бас сүйегін әуелі Омбыдағы генерал-губернаторларға алдырған.

Одан кейін Кенесарының басы Санкт-Петербургтегі Эрмитажға қойылған деген де деректер айтылады. Кеңес одағы ыдыраған соң, Хан Кененің бас сүйегін іздеу экспедициялары бірнеше рет жүргізілген еді.

К.Мәсімов премьер-министр кезінде Ресей премьері Д.Медведевтен Кенесары хан мен Кейкі батырдың бас сүйегін сұраған болатын. Енді Ресей Мәдениет министрлігі Кенесарының басын елге әкелу мәселесі бойынша арнайы комиссия құрып, оның құрамына З.Қабылдиновты енгізіпті.