Шымкентте жаңғақ сатып отырған әжейге дөрекілік көрсеткен полицейлерге қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр
Главные вкладки
Шымкентте жол бойында жаңғақ сатып отырған зейнеткерге екі полицейдің дөрекілік көрсеткенін куәгерлер видеокамераға түсіріп, әлеуметтік желіде бөліскен. Видеоролик Instagram-дағы Dudoser парақшасында пайда болды. Автордың сөзінше, тәртіп сақшылары әжейге ауыр сөздер айтып, телефонын алып қойған. Салдарынан 75 жастағы кейуана күйзеліске түсіпті.
«Бүгін Шымкенттегі «Қырғы базарының» кіре беріс жерінде 3-4 килограмм жаңғақ сатып отырған әжеге екі полицей келіп, заңсыз сауда жасағанына айыппұл салмақшы болыпты. Әжеміз полицейлерден қорқып қалған болуы керек, ұлына хабарласпақшы болғанда телефонынын да алып қойған көрінеді», — дейді видео авторы.
Аталған ролик әлеуметтік желіде тарағаны сол екен, Полиция департаменті қос инспектордың үстінен қызметтік тексеруің басталғанын хабарлады. Тексеру аяқталғаннан кейін оларға қандай шара қолданылғаны қосымша хабарланады.