Шілде айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты қуаңшылық болады деп күтілуде
Главные вкладки
Синоптиктердің болжамынша, шілде айында еліміздің бірқатар өңірінде қуаңшылық болуы мүмкін деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
"Қазгидрометтің" ресми сайтында ұсынылған статистикалық болжамға сәйкес, шілде айында Ақтөбе (Нұра, Ырғыз), Қостанай (Қарамеңді, Амангелді), Атырау (Құлсары) және Маңғыстау облысының (Аққұдық) жекелеген пункттерінде қатты қуаңшылық болады деп күтілуде.
Әсіресе, аптап ыстықтың салдарынан Ақмола (Есіл, Жақсы, Атбасар), Ақтөбе (Новороссийское, Қарабұтақ, Басқұдық, Нұра, Ырғыз), Қостанай (Пресногорьковка, Аршалы, Тобыл, Аралкөл, Торғай), Солтүстік Қазақстан (Тайынша) және Маңғыстау облыстарындағы (Сам) қуаңшылық қатты болуы мүмкін.
Сонымен бірге, Ақмола (Балкашино), Ақтөбе (Комсомольское, Темір), Қостанай (Михайловка, Қарасу, Жітіқара, Құсмұрын, Диевская, Железнодорожный), Солтүстік Қазақстан (Явленка, Сергеевка және Рузаевка), Шығыс Қазақстан (Лениногорск), Жамбыл (Қордай), Алматы (4-ші Ауыл), Қызылорда (Қазалы) және Атырау облыстарында да (Атырау) орташа деңгейдегі қуаңшылық болуы ықтимал.
Синоптиктердің болжамынша, маусым айының соңғы онкүндігінде жауын-шашын мол болғандықтан, алдағы уақытта Батыс Қазақстан облысында (Жалпақтал, Жәнібек, Орда), Шығыс Қазақстан облысында (Бақты) және Маңғыстау облысында (Бейнеу) ылғал деңгейі орташа болады. Қалған аумақтардағы ылғал деңгейі қалыпты жағдайға сай болады деп күтілуде