ШҚО-да жүк көлігі өртенді: Қаза тапқандар арасында екі бала бар

Главные вкладки

Май 15, 2021 / 0 комментарии

Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам көз жұмды. Қаза тапқандар арасында екі бала бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол апаты бүгін, 15 мамырда, күндізгі сағат бірлер шамасында Өскемен-Алтай тас жолында болған.

37 жастағы VOLVO жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көліктің шұңқырға аударылып кетуіне жол берген делінген полиция хабарламасында. Аударылу салдарынан жүк көлігі өртеніп кеткен.

"Көлік жүргізушісі мен үш жолаушының күйген денелері табылды, олардың екеуі кәмелетке толмағандар, олар оқиға орнында ауыр жарақаттан қайтыс болды", - деп хабарлады департаментте.

Аталған факт бойынша "Көлік құралдарын басқаратын адамның жол қозғалысы ережелерін бұзуы, салғырттық салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыруы" бабы бойынша тергеу басталды. 

Сараптама тағайындалды. Полиция көлік жүргізушілеріне жол ережелері мен жылдамдықты қатаң сақтауды, сондай-ақ көлік құралдарының сынбағандығын тексеріп тұруды сұрауда. 

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте кәмелетке толмаған бала көлік ұрлап, сол көлікпен бойжеткенді қағып кеткенін жазған едік. Жол-көлік оқиғасы болған жерден 21 жастағы жәбірленуші ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы пациенттің миының 1-2 дәрежедегі контузиясы, кеуде қуысының жабық жарақаты, жамбас сүйектерінің сынуы және үшінші дәрежелі травматикалық шок болғанын хабарлады.