ШҚО-да суға кеткен балықшының денесі табылды
Главные вкладки
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында суға кеткен екі балықшының бірінің денесі табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2020 жылдың 20 қарашасында балық аулауға шыққан екі ер адам із-түссіз жоғалып кеткен. Сүңгуірлер 26 күн ішінде су астында 6-дан 9 метрге дейінгі тереңдікте 145 рет іздеу жұмыстарын жүргізді. Бірақ одан еш нәтиже шықпады. "Бүгін ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері іздеу жұмыстарын қайта бастап, Қара Ертіс өзеніндегі "Кендірлік" учаскесі маңында суға батқан 1981 жылы туған балықшының денесін тапты. Іздеу жұмыстарына олар қайықпен шыққан. Мәйіт оқиға орнынан 30 шақырым жерде табылды", - деп хабарлады ведомство өкілдері. 1990 жылы туған екінші балықшыны іздеу жұмыстары ары қарай жалғаспақ.