Экс-президент Трамп Ресейге қатаң шара қолдану керектігін айтты
Главные вкладки
Трамп Украина төңірегіндегі жағдай үшінші дүниежүзілік соғысқа әкелуі мүмкін екенін айтты деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Ресей соғысты тоқтатпайды деп санайды және бұл үшін қандайда шара қолдану керектігін алға тартты.
Трамптың пікірінше, «Америка Құрама Штаттары Путинге оның екі таңдауы бар екенін түсіндіруі керек – біріншісі дереу бейбіт келіссөздерді бастау, ал екіншісі найзағайдай тез соққыға дайын болу. Тағы айта кететін жайт батыс елдері ресейлік энергетикаға тәуелділігін жою керек», - деді экс-президент.