ЭЦҚ-ңызды бөтен адамдарға неге беруге болмайтынын түсіндіреміз

Главные вкладки

июн 15, 2021 / 0 комментарии

Құрметті аудан, қала тұрғындары! делдардардың қызметіне жүгінбеулерінізді сұраймыз.
ЭЦҚ-ңызды бөтен адамдарға неге беруге болмайтынын түсіндіреміз. Көпшілігіңіз "Делдалдардың" немесе Egov.kz-тен қызметті алу үшін ақысына көмектесуге дайын компанияларды кездестіргеніңіз сөзсіз. Мұндайда алаяқтардың құрбаны болу қаупі бар. Олар сіздің жеке кабинетіңізге кіру арқылы келесі әрекетке бара алады:
- заңды және қаржылық мәмілелер жасау;
- сіздің көлігіңізді немесе жылжымайтын мүлікті басқа адамға қайта ресімдеу;
- сіздің тұрғын үйіңізге бейтаныс адамды тіркей алады.
Егер өз ЭЦҚ-ңызды жоғалтып алсаңыз, бірден жаңасын жасатыңыз және "ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының" жеке кабинеті арқылы жоғалған кілттерді қайтарып алыңыз.
Есіңізде болсын! Әр ХҚО-да өзін-өзі қызмет көрсету секторы бар, онда фронт-офис қызметкерлері сізге қажетті мемлекеттік қызметтерді портал арқылы тегін алуға көмектеседі. Сонымен қатар "Азаматтарға арналған үкіметтің" ресми Youtube-арнасында ең танымал мемлекеттік қызметтер бойынша бейне нұсқаулықтар бар.