Қазақстанда жанармайдың бағасы күрт өсті

Главные вкладки

апр 09, 2021 / 0 комментарии

Ең көп сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензиннің литрі 200 теңгеге бір-ақ көтерілді. Доллардан қалыспай, жанармай айналдырған екі-үш күнде 10 теңгеге қымбаттап шыға келді. Ал жыл басынан бері АИ-92 отынының литрі бақандай 20-30 теңгеге, АИ-95 маркалы 5 теңгеге өскен деп хабарлады Kaskelen.kz "КТК" телеарнасына сілтеме жасай отырып.
Бензин тапшылығы сезіліп жатқан өңірлер де бар. Экономистер бензин бағасының өсуі азық-түліктің құнына кері әсер етуі мүмкін деп отыр. Алматыдағы жанармай құю бекеттеріндегі баға бүгін құбылып шыға келді. Жұрт жиі тұтынатын АИ-92 маркалы бензиннің литрі бірден 168 теңгеге көтерілген. Бірақ бағаны көріп кері бұрылған көлік жоқ. Жүргізушілер амалдың жоқтығынан қымбат жанармайды тұтынуға мәжбүрміз деп қынжылады.
"Салмақ бір күнде түспейді. Бірақ бара-бара бәрібір білінеді ғой. Бағаға қарап жатқан тірі жан жоқ. Осыны реттейтін адам керек. Ойына келгенін істеп жатыр", – дейді Алматы қаласының тұрғыны Самат Қайырбеков.