Қазақстанда ЖОО студенттерінің шәкіртақысы өсті

Главные вкладки

окт 17, 2022 / 0 комментарии

Елімізде жоғарғы оқу орындарының студенттерінің шәкіртақысын көбейту туралы үкімет қаулысы қабылданды, деп хабарайды kaskelen.kz тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Құжатқа сәйкес, ай сайынғы мемлекеттік стипендия мөлшері ұлғайтылды. Енді университет студенттері 31 423 теңгенің орнына 36 660 теңге алатын болды.

Болашақ мұғалімдер мен дәрігерлердің шәкіртақысы 58 800 теңгеге өзгерді, бұрын олар 50 400 теңге алатын. Интерндерге 66 403 теңге, ал магистранттарға 86 987 теңге төленеді. Назарбаев Университетінің магистранттарына 162 500 теңге төленеді, бұрын олар 143 750 теңге алатын.

Докторанттар енді ол 172 500 теңгенің орнына ("Денсаулық сақтау" мамандығын қоса алғанда) 195 000 теңге алады. Ал "Денсаулық сақтау" мамандығы бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға 100 036 теңге (88 494 теңге болды) төленеді.

Басқа шәкіртақылардың мөлшері өзгеріссіз қалды.