Қазақстанда коронавирус инфекциясының өсуі тоқтады – Бағдат Қожахметов

Главные вкладки

авг 10, 2020 / 0 комментарии

ДСМ ресми өкілі қауіп сейілгенімен, әлі босаңсуға болмайтынын айтты.

Қазақстанда коронавирус инфекциясының өсуін тоқтатты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті.

«Қазақстанда КВИ жұқтыру өсімі тоқтады. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. 13 наурыздан бастап КВИ-мен 99 442 адам ауырды. Жазылып шыққандар саны – 72 523 (72,9%) адам. Стационарда 4713 адам ем қабылдауда, 20 937 адам амбулаторлық жағдайда емделуде», - деді ол.

Науқастардың арасында 246 адамның жағдайы нашар, 69 адамның денсаулығы өте нашар деп бағаланады. Жалпы, 70 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бағдат Қожахметов ДСМ жағдайды осы қалпында ұстап тұру үшін бар күшін салып жұмыс істейтінін, сондай-ақ қауіп сейілгенімен, халыққа әлі де болса толық босаңсуға болмайтынын айтты.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

azattyq-ruhy.kz