Қазақстандықтар күннің тұтылған сәтін суретке түсіріп үлгерді

Главные вкладки

июн 21, 2020 / 0 комментарии

Бүгін Қазақстан тұрғындары күннің тұтылғанын сәтін бақылауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда күннің тұтылуы 21 маусым күні сағат 11.30-да басталып, 13.42-ге дейін жалғасты. Ең үлкен фаза түскі сағат 12.35-те көрінді.

Алматыда күннің тұтылуы сағат 11.16-дан 14.06-ге дейін көрінді. Тұтылудың ең үлкен фазасы 12.40-та болды.

 Астрономдардың айтуынша, күннің бұлай тұтылуы бір ғасырда шамамен 14 рет болады. Әлем тұрғындары енді күннің тұтылуын тек 2039 жылы ғана байқай алады.