Қазақстандық теннисшілер Дэвис кубогының финалында чемпиондық үшін күресетін болады
Главные вкладки
Қазақстандық теннисшілер Дэвис кубогының финалына қатысады деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Сенбі, 5 наурызда Норвегия құрамасын жеңген қазақстандық теннисшілер әлем чемпионатының финалдық кезеңі – Дэвис кубогына қатысуға мүмкіндік алды.
Қазақстанға бұл жеңісті әлемнің сегізінші ракеткасы Каспер Рудты ұтқан Александр Бублик әкелді. Бұл ойынның нәтижесі: 6:4, 5:7, 6:4 Александр Бубликтің пайдасына шешілді.
Норвегиямен болған матчтың жалпы есебі 3:1. Мұндай есеппен Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінен шығып, теннистен ұлттық құрамалар арасындағы ең беделді жарыс Дэвис кубогының финалында чемпиондық үшін күресін жалғастырады.