Қазақстандық QazVac вакцинасынан кейін коронавирус жұқтыру мүмкін бе

Главные вкладки

Май 20, 2021 / 0 комментарии

Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары Ерғали Әбдірайымов қазақстандық вакцина QazVac-тан кейін КВИ жұқтыру мүмкін бе деген сауалға жауап берді 

Ерғали Абдураимов вакцина панацея емес екенін және кез-келген өндірушінің вакцинасы екпе салдырған адамға 100% қорғаныс бермейтінін атап өтті.

"Вакцина ағзаны патогендік микроорганизммен кездесуге дайындау үшін қолданылады. Органимзді вакцинациялау бойынша біз оны микроағзаларға бейімдейміз. Алгоритмге сәйкес, кез келген вакцинаға талаптар бар", - деп түсіндірді ол.

Ерғали Әбдірайымовтың сөзінше өзге вакциналар бойынша да белгілі бір жағдайда ауру жұқтырғаны туралы ашық ақпарат бар.

"Біз ол адамның инфекцияны жеңіл өткізетінін айта аламыз. Ол індет ағзаны қинайтын салдарға алып келмейді. Вакцина осындай жағдайлар үшін ағзаны дайындайды, - деді маман. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев барлық азаматтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауға және вакцина салуға шақырды. Оның айтуынша, бүгінгі күні вакцинация деңгейі бұрынғыдай емес, сәл бәсеңсіген. Оңтүстік астананың басшысы қалада коронавирус жұқтырғандар саны азайып жатқанын атап өтті.

Айта кеткен жөн, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 2433 адам анықталды.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын салдырғанын жазғанбыз. Одан бөлек, медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев коронавирусты маусымдық ішек инфекциясынан қалай ажыратуға болатынын айтып бергенін жазған болатынбыз.