Қазақстан ауғанстандық босқындарды қабылдай ма?

Главные вкладки

июл 12, 2021 / 0 комментарии

АҚШ ауғанстандық босқындарды қабылдауға байланысты Қазақстанға ресми түрде өтініш білдірген жоқ деп хабарлайды Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

2 шілде күні дереккөзге сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі АҚШ Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстаннан 9 мың ауғанды уақытша қабылдауды сұрағанын жазған болатын. Олар Ауғанстаннан шетелдік әскерилер шығарылып жатқан уақытта АҚШ-қа көмектескен.

"Сыртқы істер министрлігіне америкалық тараптан ресми өтініш түскен жоқ", – деп хабарлады Sputnik Қазақстанға сыртқы саяси ведомствода.

Осыған дейін саяси шолушы Ғазиз Әбішев Қазақстан бұған келіссе, оларды қайтару мерзімін нақты көрсетіп, АҚШ-пен келісімге қол қою керектігін айтқан болатын. Оның айтуынша, АҚШ өздеріне көмектескен ауғандықтарды алдымен тексеріп алуды көздейді. Олардың арасында экстремистер бар ма, жоқ па, осының бәрін анық білгісі келеді.

Әйтпесе, Американың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төнеді. 

"Бірақ біз ондай адамдарды уақытша орналастырсақ, АҚШ артынан алып кететініне нақты кепілдік беруі керек. Мысалы, қазір мыңдаған адамды кіргіздік дейік. Ал АҚШ сенатында отырған республикандықтар тиісті заң қабылдамай қояды. Сонда не істейміз? Басқа елге жібере алмаймыз. Ауғанстанға қайтарсақ, адамгершілікке жат. Сөйтіп, барлығы осы жерде қалып қоюы да мүмкін. Сондықтан асығыс шешім жасауға болмайды", - деген еді Әбішев Sputnik Қазақстанғаберген сұхбатында.

1 мамырдан бері АҚШ Ауғанстан аумағынан өз әскерін әкетуді бастағаны хабарланды. Бұл 11 қыркүйекке дейін аяқталады деп уәде етті. АҚШ президенті Джо Байден АҚШ пен еуропалық елдердің әскери күштері ауған үкіметінің тұрақты дамуын қамтамасыз ете алмайды деп түсіндірді. 

Әскер шығаруға қатысты мәлімдеме тәлібтердің белсенділігін арттырып, елдегі және шекарадағы жағдайдың ушығуына алып келді. Негізінен Тәжікстанмен шекарадағы ахуал шиеленісіп, Ауғанстан үкімет күштері әскерилерінің тәжік жеріне қарай қашуы жиіледі.