Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады

Главные вкладки

авг 19, 2021 / 0 комментарии

Алматыға Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушы мінген ұшақ сәтті қонды. «2021 жылғы 18 тамызда, бүгін сағат 17.00-де ҚР ӘӘК С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға сәтті қонды. Қазақстанға 25 Қазақстан азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері келді», — делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, осы бортпен қырғыз тарапының өтініші бойынша Қырғызстан Республикасының 14 азаматы эвакуацияланған. Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен Қазақстан Елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы Ауғанстаннан шығарылған.