"Қанның ізі бар": Атырауда 42 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Главные вкладки
Атырау қаласында 42 жастағы әйел 9-қабаттан құлап қаза тапты деп хабарлайды Қазақпарат.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, оқыс оқиға 15 мамырда орын алған. Күндізгі сағат 14:52 шамасында 1979 жылы өмірге келген әйел "Алмагүл" шағын ауданындағы №9 үйдің 9- қабатынан құлап, қайтыс болған. Оқиға орнынан қан дақтары мен терезе әйнегінен қолдың 4 саусақ ізі алынды. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы, 1-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында 2019 жылы туған балақай көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кеткенін жазған едік. Одан бөлек, Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары сәби өмірін сақтап қалатын "ақылды терезе" ойлап тапқанын жазған болатынбыз.