Қапшағайлықтар жылыту маусымына дайын
Главные вкладки
Қапшағай қаласы мен өңірлер жылыту маусымына дайын деуге болады.
Өңір қысқы мезгілге жетерлік сұйық және көгілдір отынмен қамтылып жатыр. Аймақты жылумен қамтитын жалғыз мекеме «Қапшағай жылу» КММ-сі. Оның қарауында 2002 бюджеттік мекеме бар. Соның 8 білім беру орындары, 2 денсаулық сақтау, 13 әлеуметтік және 1236 тұрғын үйлер. Жалпы алып жатқан жылу жүйесінің көлемі 5836 шақырым, оның 51,49 шқ жер асты болса, 6,37 шқ әуедегі желілер. Ең қуантарлығы өңір әкімінің тапсырмасымен қапшағайлықтар үшін тосый сый болғаны биылғы жылдың сәуір айынан бастап қала шеңберінде 25 жыл болмаған жыл он екі ай ыстық суға қосылуы.
Ағымдағы жылы 92 басты және қосалқы жабдыққа жөндеу жұмысы жоспарланған. Соның 88-не ағымдағы, 4-не күрделі ісі жүргізу көзделген. Қазрігі таңда жылу желілерінің 14 аумағы (1,11 шқ) ағымдағы, 16 –сы (6,788 шқ) күрделі жөндеуден өткізілді. Атқарылған жұмыс апта сайын Алматы облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына және ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне жіберіліп тұрады. Онымен қатар, жыл бойы абоненттік бөлімі мен мекеме заңгерлерімен дебиторлық төлемнің берешектерін азайтуға жұмыстар жүргізіледі. Бұл қызметті алушыларға қарыздары бойынша үнемі «ЕИРЦ» қағазы арқылы ескертпелер жасалып отырады. Яғни, әр айдың 15-не дейін ПИК қызметкерлеріне берешегі бар үйлерлер тізімі беріліп, сонымен бірге ондай пәтер иелерінің сот шешімін орындау жарияланымдары жасалып тұрады. Одан басқа, оларға қатысты мекеме, кәсіпорындар және әскери орындарының басшыларымен тығыз байланыс орнатылып, борышкерлердің қарызын өтеуіне шаралар қолданылу жолдары қарастырылады.