Қарасайлықтардың баспана мәселесін шешу мақсатында
Главные вкладки
Қарасай ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі .
Нақтылай түссек, Қаскелеңдегі «Қарлығаш» тұрғын үй кешенін салған мердігер компания «Еламан» ЖШС-і мен Қарасай аудандық әкімдігі арасында ағымдағы жылдың 14-і ақпанында меморандумға қол қойылды. Осы талаптарға сәйкес, биыл салынған 100 пәтердің 50-і «7-20-25» бағдарламасы арқылы берілетін болады. Ал, аудан орталығында 2018 жылы салынған «Алатау Ажары» тұрғын үй кешенінде осы жыл соңында 60 пәтерлі бір тұрғын пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Әйтей ауылдық округінде 32 га жер теліміне 2019-2021 жылдар аралығында екі қабаттан тұратын 520 пәтерлі 130 таунхаус үйлерін салу да жоспарға алынған. Олардың басқа тұрғын үйлерден ерекшелігі – бір үйде төрт пәтер орналасады.
Осы жұмыстардың барлығы аудан тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталып отыр.