Қарасай ауданында блокбекеттер қай жерлерге қойылған?
Главные вкладки
Бүгінгі таңда Қарасай ауданында бекеттер мына жерлерге қойылған:
1. Жаңатұрмыс кентінің жоғарғы трассасы;
2. «Алтын орда» базары;
3. «Алтын орда» базары (батыс жағы);
4. Кемертоғанға бұрылыс (Іргелі ауылы);
5. Түрік бұрылысы;
6. 71 разъезд;
7. Іргелі ауылы, Шұғыла көшесі, «Алтын орда» базарына кіреберіс;
8. Абай көпірі;
9. «Алтын Орда» базарының солтүстік қақпасы мен Іргелі ауылындағы жаңа құрылыс бағытындағы "Құрдас-7" базарының маңайларында.
10. "Асыл Арман" тұрғын үй кешені айналасындағы тосқауылдаушы бекеттер ТК орталық кіреберісінде, барлық жағындағы кіру/шығу жолдарында (батыс, солтүстік, оңтүстік) және індетке шалдыққан тұлғалар анықталған үйлердің жанында қойылған.
Барлық бекеттерде тәулік бойы жүз тәртіп сақшысы қызмет атқарады. Сондай - ақ, жаяу нарядтар "Алтын Орда" базарының солтүстік қақпасы мен Іргелі ауылындағы жаңа құрылыс бағытындағы "Құрдас-7" базарының маңында қойылды.