Қарасай ауданының пробация қызметкерлері сенбілік өткізді
Главные вкладки
Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты Қарасай аудандық пробация бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының белсенділері “Менің таза қалам” атты сенбілік өткізді.
Тазалық жұмыстары Қаскелең өзенінің жағалауында жүргізілді. Жастар өзен жағалауын қоқыстан тазартып, аумақты көркейтуге өз үлестерін қосты.
– Бұл шараның мақсаты – жастарды тазалыққа үйрету, Отанымыздың гүлденуіне және көркеюіне үлестерін қосуға талпыныстарын арттыру, қоғамдық жұмыстарға белсене араласу. Еліміздің көрікті жерлерін қоқыстан тазартуға бағытталған бұл шара жыл соңына дейін созылады, – деп атап өтті ҚАЖД пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы Рашид Ержігітов.