Қарасай ауданыПБ полицейлер карантин режимінде қарамастан өз жұмысын жалғастырып жатқан мейрамхананы анықтады

Главные вкладки

апр 12, 2021 / 0 комментарии

Еліміздегі коронавирусқа байланысты Қарасай ауданы полиция қызметкерлері мен әкімідік өкілдерінен құрылған мобильді топ аудан аумағында орналасқан кафе-мейрамханаларға тексеру жүргізді. 2021 жылдың 10 сәуірінде сағат 19:30-да тексеру барысында Қаскелең қаласында орналасқан кафелердің біріінде карантиндік талаптарды сақтамай 50 адамнан аса халыққа ұзату тойын өткізіп жатқандығын анықталды. Сонымен қатар, келушілердің кіру барысында дене қызуын өлшеу жүргізілмегендігі анықталды. Анықталған деректерге қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Қарасай ауданы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Осыған орай, полиция қызметкерлері құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға назар аударуды сұрайды.