Қарасай аудан әкімінің орынбасары ауысты

Главные вкладки

окт 06, 2021 / 0 комментарии

Қатубаев Жарас Қанатұлы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Жарас Қанатұлы 1987 жылы 31 тамызда Қарасай ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
2009 жылы Қазақ Бас Сәулет-Құрылыс Академиясын құрылыс мамандығы бойынша бітірген.   

Еңбек жолын 2009 жылдың қазан айында «Антарес Терра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде құрылыс учаскесінің мастері болып бастаған.
2011 жылы мемлекеттік қызметке келген. Қарасай аудандық құрылыс бөлімінде бас маманнан бастап, бөлім басшысы лауазымына дейін жеткен.  
2021 жылдың 4-ші қазанынан бастап Қарасай ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Үйленген. 2 қыз тәрбиелеуде.
Әйтей ауылдық округіне қарасты «Өмірұзақ» тұрғын үй кешенінде тұрады.