Қарағанды карантинге жабылады

Главные вкладки

мар 29, 2020 / 0 комментарии

Ертең Қарағанды облысының 5 қаласы карантинге жабылады, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Қанат Асқаров мәлімдеді. Бұл – Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск және Теміртау қалалары. Өңірде сақтық шаралары да барынша күшейтіледі. Балабақшалар жабылып, жұмыс берушілерге жұмыс уақытын 2 сағатқа қысқарту ұсынылып отыр. Қоғамдық орындарда 3 адамнан артық жүруге болмайды. Мамандар 65-тен асқан жандардың бейсауат көшеге шықпауын ескертіп отыр. Аталған қалалардың кіре берісінде 13 блок-пост қойылады. Бұл бекеттерде дәрігерлерден бөлек 130-ға жуық полицей мен ұлттық ұланның сарбаздары қызмет етеді. Алдағы уақытта облыс орталығындағы әуежай, темір жол вокзалы мен сапаржайдың да жұмысын тоқтату мәселесі қаралмақ.