Қаржы пирамидасын құрды деп күдікке ілінген вайнерлер кімдер?

Главные вкладки

Feb 10, 2022 / 0 комментарии

Танымал вайнерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Алматы қалалық сотының мәліметіне сәйкес елге танымал блогерлер Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязов Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағы "Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету" бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Олар бес жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Тергеу соты олардың екеуін кепілмен босатып, біреуін екі айға сырттай қамауға алған.