Қаржы пирамидасын құрып, оны басқарған Азимжан Саидбаевты полиция іздеуде

Главные вкладки

Feb 11, 2022 / 0 комментарии

Алматы полициясы Азимжан Саидбаевқа іздеу салды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы. 

 

Қаржы пирамидасын құрып, оны басқарған күдіктілердің бірі Азимжан Саидбаевты полиция іздеуде.

 

Алматы полициясы 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы «Қаржылық «инвестициялық» пирамиданы құру және басқару» бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қырғызстанның тумасы, 1986 жылы туған Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланғанын хабарлады.

 

Кімде-кім оның қайда екені туралы ақпаратты мына телефондар арқылы хабарлауын сұрайды: +7 701 758 67 60, +7 708 683 94 33 және +7 (727) 254 43 51