Қасиетті айдағы қайырымдылық

Главные вкладки

Май 28, 2019 / 0 комментарии

Қаскелең қаласында орналасқан "Мадонна" мейрамханасының әкімшілігі мүмкіндігі шектеулі жандарға қуаныш сыйлады, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. 

Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық жасауды көздеген мейрамхана басшылығы Қаскелең қаласындағы "Алтын ауыл" ықшам ауданында орналасқан "Күш-қуат" оңалту орталығын тегін тамақтануға шақырған. Ауласына енгеннен ерекше әсерге бөлейтін демалыс орнының тамаша сервисіне тәнті болып, уақытын көңілді өткізген мүмкіндігі шектеулі жандар жомарт жандарға зор алғыстарын білдіруде. 

Сондай-ақ, осы жерден ерекше қонақтарды байқап қалған "Бахар" мейрамханасының басшылығы оңалту орталығына қаржылай көмек көрсеткен. Өз кезегінде "Күш-Қуат" орталығының жетекшісі Асылбек Жалдыбаев қайырымды азаматтарға үлкен алғысын білдіріп, барлық ұжым атынан ризашылықтарын жеткізуде.