Қаскелеңде автобус қызды қағып кетті
Главные вкладки
Бүгін Қаскелең қаласында маршрутты автобус жүргізушісі жол жиегінде тротуармен кетіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Куәгерлердің айтуынша, автобус алдында кетіп бара жатқан Volkswagen маркалы жеңіл көлікті басып озамын деп, трасса шетіне шығып кеткен. Осы кезде жаяу жүргінші бойжеткен өз жолымен кетіп бара жатқан. Асыққан автобустың соққысы аса қатты болмаған сыңайлы, себебі, куәгерлер Kaskelenkz порталына жіберген бейнежазбада қыз орнынан тұрып, жүргізуші көліктен түсіп, оның жағдайын сұрастырып жатыр.
Дегенмен, бұл қоғамдық көлікті тізгіндеген жігіттің әрекеті дұрыс еместігі, сонымен қатар, жол жүру ережесін өрескел бұзғаны анық.
Зардап шегушінің құқық қорғау органдарына шағымданғаны-шағымданбағаны белгісіз. Бірақ, әлеуметтік желі арқылы тараған бейнежазбада мемлекеттік нөмірі анық көрсетілген автобус жүргізушісіне қатысты қандайда бір шара қолданылады деген сенімдеміз.
Өз кезегінде Kaskelenkz мемлекеттің басты байлығы – адам екенін тағы бір мәрте еске салуды жөн көріп отыр.