Қаскелеңде көпқабатты үйде жарылыс болды

Главные вкладки

янв 08, 2020 / 0 комментарии

8 қаңтарда сағат 13:15-те Қаскелең қаласындағы Төле би көшесінде орналасқан бес қабатты  үйлердің бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды Kaskelenkz.

8 адам жарақат алған, соның ішінде 4-і бала. Барлығы Қарасай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Оқиға орнында алған жарақатының ауылығынан  2009 жылы туған бір бала қайтыс болды.


Аталған үйдің тұрғындары жақын маңдағы қонақүйлерге жайғастырылды.

Қазіргі уақытта жарылыстың  болу себептері анықталуда.

Kaskelenkz оқиға орнынан тікелей эфир жасады.