Қаскелеңде тастанды балаларды қабылдайтын орын ашылды
Главные вкладки
«Alem Asar» Әйелдер творчествалық бастамасы Лигасы мен «Aspan Space» Бастамалық тобының Қайырымдылық қоры «Үміт бесігі»әлеуметтік жобасын Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасында ашты деп хабарлайды Kaskelen.kz.
«Үміт бесігі» — ананың өз баласын өлтіруі мен өмірін қауіпке төндіру сияқты аса ауыр қылмыстың алдын алу. «Үміт бесігі» әлеуметтік жобасы туғанынан ата-анасы бас тарқан сәбидің өмірін құтқаруға бағытталған, заман талабына сай туындаған шешім. Бала өмірі үшін қауіпсіз орын - «Үміт бесігіндегі» арнайы орынға түскен сәбиді ары қарай дәрігер өз бақылауына алады.
«Үміт бесігі» әлеуметтік жобасының авторлары тастанды сәбилерді балаларға арналған медициналық мекемелер жанына ашу қажеттілігін, сәби өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезден бастап дер кезінде медициналық көмек көрсетілуі қажеттілігін, ары қарай мемлекеттік органдар қамқорлығына берілуі керектігін ескерген. Сондықтан «Үміт бесігі» әлеуметтік жобасының ең алғашқы пункті Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасында 2020 жылдың 21 желтоқсанында салтанатты түрде ашылды.
«Үміт бесігі» Cаll–орталығына хабарласқан болашақ аналарға берілген біздің мамандардың жедел кеңесінің арқасында әр ана дұрыс шешім қабылдап, әр сәби өз отбасында және ата-анасының қасында қалды. Бұл біз үшін үлкен жеңіс, жақсы жетістік. Өйткені, біздің жобаның басты мақсаты – тастанды баланы құтқару, сәбидің шырылдап қалуына жол бермеу. Психологиялық және профилактикалық түсіндіру шараларын жүргізудің арқасында «Үміт бесігінде» бірде бір сәби қалдырылмады! Яғни, алдын алу шаралары өз жемісін берді.