Қаскелең қаласының әкімі туған күнінде неге толқыды?
Главные вкладки
15 шілдеде Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашевтің туған күні болды. Ол 44 жасқа толды.
Туған күн иесін біздің редакция ұжымы да назардан тыс қалдырған жоқ. Әкім мырзаға арнайы бейнеролик арнап, инстаграм парақшамызға жарияладық.
Пост астына пікір қалдырған қаскелеңдіктер Асқар Өкенұлын меншікті мерекесімен құттықтап жылы лебіздерін аямады. Бейнебаянды 20 мыңнан астам адам көріп, 200-ге жуық комментарий жазылған.
Инстаграмдағы постты көру үшін сілтемені басыңыз:
https://www.instagram.com/p/CCnjdX3lTVY/?igshid=i2q8jxo19k8e
Мұндай ықылас-құрметке риза болған шенеунік ертесіне редакция кеңсесіне арнайы келіп, Kaskelenkz оқырмандарына алғыс білдірді. Ол тіпті, құттықтауларды оқып отырып, қатты толқығанын да жасырмады.