Қаскелең өзені
Главные вкладки
Қаскелең қаласының өзені - Алматы облысы Қарасай және Іле аудандары жерімен ағады.
Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы. Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан, еріген қар мен мұздықтардан, қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Көптеген өзендер қыраттар мен таулардан басталады. Бірақ, төмен қарай ағып келе жатқанда оған өзгеде жылғалар, өзен-бұлақтар мен су көздері қосылады.
Елді мекендердің басым бөлігі өзен жағаларында орналасады. Өзендер, сондай-ақ, ауыл шаруашылығына да қолайлы. Өйткені, өзен аңғарлары мен жазықтарының топырағы өте құнарлы болады Ал, Қаскелең өзеніне келетін болсақ, өзен Іле Алатауындағы - 3580 м биіктіктегі екі қуатты мұздықтардан басталып, Қапшағай бөгеніне құяды. Өзеннің ұзындығы -177 км. Ал су жиналатын ауданының көлемі 3620 км2. Өзеннің еңі -30 м болса, ал тереңдігі -1,5м .
Өзенде тасқын қауіпі бар. Салалары: Емеген, Қасымбек, Көпсай, Шамалған, Ақсай, Көкөзек, Үлкен Алматы, Кіші Алматы. Өзеннің таулы бөлігін Эмеген, Қасымбек, Копсай және т.б. салалары алып жатыр. Жазықта Шамалған, Ақсай, Көкөзек, Үлкен Алматы, Малая Алматы секілді ағындар бар.