Қасым-Жомарт Тоқаев ертең үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізбек
Главные вкладки
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ертең үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді деп хабарлайды Kaskelenkz.Бұл туралы президенттің баспсөз хатшысы Берік Уәли өз Facebook парақшасында жазды.
"Ертең, яғни 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланбақ",- деп жазады ол.Бұқаралық ақпарат құралдарының аккредитациядан өткен өкілдері аталған іс-шараны "Қазмедиа орталығынан" дер кезінде таратуға мүмкіндік алады.