Қонаев атындағы ашық турнир өтуде
Главные вкладки
Бүгін Қаскелеңде орналасқан №1 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде мемлекет және қоғам қайреткері Дінмұхамед Қонаев атындағы еркін күрестен ашық турнир басталды.
Жарыста 2005-2007 жылдары туған ұлдар мен 2005-2006 жылдары туған қыздар бақ сынауда. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Жандарбек Далабаев құттықтау сөз сөйлеп, жас палуандарға сәттілік тіледі.
Спорттық шараға елімізге танымал спортшылар, олимпиада чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров пен Ермахан Ибраимов қатысты.
Ашық турнир 2 күнге жалғасады.