Қостанайда қатты жел көлдегі мұзды көшіріп, күре жолды жауып тастады
Главные вкладки
Қостанай облысында тұрғындар жол бойында жылжыған мұз үйіндісін видеоға түсіріп алды. Бейнероликке қатысты өңірлік жолаушылар көлігі мен автожолдар басқармасы пікір білдірді деп хабарлайды alau.kz басылымы.
"Мен мұндайды ешқашан көрмегенмін",- дейді видео авторы. Кадрларда мұздың жылжып бара жатқанын аңғаруға болады. "Дәлірек айтқанда, оны жел жылжытты",- деп хабарлады жолаушы көлігі басқармасының бастығы Олжас Нұрғалиев. Бұл жайт 18 сәуір күні Сарыкөл ауданында болған. Бес метр биіктіктегі мұз жолда қатты жел салдарынан туындаған.
Айта кетейік, осыған дейін Батыс Қазақстан облысында екі бірдей көлік мұз астына түсіп кеткенін хабарлаған едік. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері суық суға түскен адамдарды құтқарып алған. БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 25 наурыз күні сағат 11 шамасында Ақжайық ауданы Құшұм каналындағы оқиға туралы ақпарат түскен.
"Қабыршақты ауылы маңында Mitsubishi Pajero көлігі мұз астына түсіп кетті. Оны судың астынан шығару үшін құтқарушылардың көмегі қажет болды", - деді құтқарушылар. Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушылардың көз алдында тағы бір жайт орын алған. Су астына жолаушылары бар "УАЗ Патриот" маркалы көлігі түсіп кеткен. "Құтқарушылардың күшімен көлік салонынан екі адам құтқарылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ", - дейді өңірлік төтенше жағдайлар департаменті.