Қостанай облысында шөп арасынан күйік шалған әйел табылды

Главные вкладки

июн 21, 2021 / 0 комментарии

Қостанай облысының Лисаковск қаласында денесі күйіп қалған әйел табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдың 15 маусымында тұтанған шөпті сөндіру кезінде өрт сөндірушілер күйік шалған әйелді тапқан.

”Жедел жәрдем көлігімен әйел қалалық ауруханаға жеткізілді. Алайда, ол алған күйік жарақаттарынан көз жұмды. Полицейлер оның өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын анықтады”, - деді полициядан.

Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Айта кетейік, осыған дейін Қызылордада Махамбетов селосындағы каналдан бұған дейін із-түзсіз кеткен қыз баланың мәйіті табылған еді.

19 маусымда "112" кезекші-диспетчерлік пультіне 2008 жылғы қыз баланың үйден шығып оралмағаны туралы хабар қалалық полиция басқармасынан келіп түскен болатын. Қызылорда полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен волонтёрлер іздестіру жұмыстарын жүргізген. 

20 маусым күні сағат түскі бірден 30 минут өткенде Қызылорда қаласы, Махамбетов ауылында Шіркейлі суару каналынан Жедел құтқару жасағының күшімен 2008 жылы туған жасөспірімнің мәйіті (киіммен) шығарылды.