Қостанай облысында қасқырға таланған әйел қайтыс болды
Главные вкладки
Қасқыр талағаннан кейін Меңдіқара аудандық аурухансында ем алып жатқан әйел көз жұмды деп хабарлайды Қазақпарат.
Бұл ақпаратты Қостанай облыстық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растап отыр.
"Қасқыр талағаннан кейін Меңдіқара ауруханасында ем алып жатқан әйел расымен де көз жұмды. Оның қандай себептен қайтыс болғаны мүрдені зерттегеннен кейін ғана айта аламыз", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.
Еске сала кетсек, осыған дейін Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Ұзынағаш ауылының бірнеше тұрғынына қасқырлар шабуыл жасағанын жазған едік. Түз тағылары қонысқа алтыншы маусым күні кешке кірген. Шабуылдан бірінші болып 19 жастағы жігіт зардап шекті. Ол итқұстан сытылып шығып, үйін паналап үлгерген. Осыдан кейін қасқыр ферма ғимаратында сиыр сауып отырған әйелге тап берген. Жыртқыштың жергілікті тұрғынның қолы мен аяғын тістегені белгілі болды.