Қуанса, бала қуансын!
Главные вкладки
Қарасай аудандық мәслихатының депутаты Бауыржан Айнабеков соңғы қоңырау салтанатында оқушыға велосипед сыйлап қуантты, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Оқу жылының соңында кәсіпкер Мерей ауылындағы Макаренко орта мектебіне арнайы барып, оқушыларды және мұғалімдерді мерейлі мерекемен құттықтады. Шараға халық қалаулысы құр қол бармай, мектеп өміріне белсенді араласатын үлгілі жасөспірім Никита Чучалинге велосипед тарту етті.
5-сынып оқушысы сәтсіз отбасынан шыққан екен. Анасы қайтыс болған. Қазір Никита бауырымен және қарындасымен әжесінің қамқоршылығында. Белсенді баланы қатарынан қалдырмай, ынталандыра түскісі келген депутат мектеп әкімшілігінен жағдайды білген соң, осылай тосынсый жасаған.
Ал, баланың қуанышында шек жоқ!