Қуанса, бала қуансын!

Главные вкладки

июн 01, 2021 / 0 комментарии

1-маусым бейбіт ел мен ашық аспан астында өмір сүріп жатқан нәрестелердің күні.Елдің түкпір-түкпірінде кішкетай балапандарды қуантып, әртүрлі іс-шаралар жасалынтын атаулы күнде Қарасай ауданының балалары да қалыс қалған жоқ.Бұл туралы аудан әкімі Ержас Тоқтасынов өзінің Instagram парақшасында бөлісті деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі.

Әкімнің айтуы бойынша ертегі кейіпкерлері балаларға балмұздақ таратып, мүмкіндігі шектеулі балалрға өздерінің тәтті сыйлықтарын тарту еткен көрінеді.

"Бүгінгі төл мерекелерінде округтегі кішкентай тұрғындарымыз назардан тыс қалған жоқ. Демеушілердің қолдауымен балдырғандарға "ертегі кейіпкерлері" балмұздақ таратып, ауылдағы 30 мүмкіндігі шектеулі балаға тәтті салынған қорапшаларды апарып берілді. Қуанса, бала қуансын!"-, делінген әкім парақшасында.