Қуат Хамитов Қазақстандық промоушенді пиар жасамақ болғаны үшін айыптады
Главные вкладки
ММА спортшысы Қуат Хамитов екінші бір қазақстандық Фаниль Рафиковпен кездесу ұйымдастырмақ болған Naiza Fighter Championship промоушеніне үндеу жасады. Айта кетейік, қаңтар айының соңында Хамитовті Фаниль Рафиков есімді қазақстандық спорт алаңына шақырған еді.Өз кезегінде "Найман" шарттары қызықтырса, октагонға шығуға дайын екенін мәлімдеді. Сонымен бірге ол егер кездесу өтіп жатса, онда бұл мансабындағы ең жеңіл жекпе-жек болатынын хабарлады."Өзімнің келесі жекпе-жегімді Қазақстанда, Рамазанға дейін өткізетін шығармын", - деп жазды Хамитов Instagram парақшасында.Осы ретте ол кездесудің NFC ұйымында өтпейтінін нақтылады."Олар секірді", - деп жазды спортшы.Кейінірек Хамитов NFC промоушеніне үндеу жасады."Пікірлерді қазір оқыдым, шынымды айтсам, оладың жауабын түсінбедім. Сіздердің спортшыларыңыз мені жекпе-жекке шақырып, маңызды мәлімдеме жасады. Біз дайын екенімізді айтып, нақты датасын бердік."