Хамитов ресейлік файтер Максим Пантелеевке қарсы жұдырықтасып, оны 50-ші секундта ауыр нокаутқа түсірді. 
Осылайша, "Найман" өзінің кәсіби мансабындағы 20-шы жеңіске қол жеткізді. 
Айта кетерлігі, қазақстандық "жауынгердің" алдымен Магомед Магомедовпен, кейіннен Алексей Ильенкомен жекпе-жекке шығатыны хабарланды.Алайда кездесуге санаулы сәттер қалғанда оның қарсыласын ауыстырып жіберген.
Естеріңізде болса, Қуат Хамитов соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың 25 қыркүйегінде өткізген еді. Отандасымыз ресейлік қарсыласы Ахмад-Хан Боковты алғашқы раундта жеңді.
Осылайша спортшы кәсіби мансабындағы 19-шы жеңісіне қол жеткізген болатын.Қуат Хамитов Ресейдегі жеңісін марқұм даңқты спортшы Жақсылық Үшкемпіровке арнады.